"Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредитациялау орталығы" ЖШС аккредитациялау органы ретінде бекітілсін", - деп көрсетілген қаулыда.
Бұл құжатқа сәйкес, орталық қызметі "аккредитация бойынша мемлекеттік емес және үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға, аккредитация аттестатын 3 жылға беруге, аккредитация аттестаттарының мерзімін алты айға дейін тоқтатуға, инспекциялық тексерулерді орындауға негізделген".
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.