Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін біртұтас жер салығы ставкасының прогрессивті шкаласын белгілеуді ұсынады

"Ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін біртұтас жер салығы ставкасын жер телімінің алаңына қарай прогрессивті шкаламен белгілеу ұсынылады ", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, "ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін басқа режимдерді сақтап қалу" ұсынылуда. Атап айтсақ, заңды тұлғалар үшін салықты 80%-ға, ауылшаруашылығы өнімін өңдеушілер үшін ҚҚС-ын 70%-ға азайту ұсынылған.