Қазақстан үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" үлгісіндегі зымырандарды ұшыруға 2008 жылдың бірінші тоқсанына ғана келісті

"Биылғы жылға бірінші тоқсанда ғана "Протондарды" ұшыру жайы келісілді", -деді В. Петров.

"Әзірге біздің үкіметпен осынау зымыран тасығыштарды пайдалануды біртіндеп азайту бағдарламасының жобасын жасауды ескере отырып келісім жасалды", - деді ол.

Вице-министр сондай-ақ, "Протонды" алмастыратын "Бәйтерек" кешенінің жобасы мен жоғары улы болып табылмайтын отын компоненттері жасалып жатқанын" еске салды.

Бұған қоса В. Петров "келіссөздер барысында Ресей жағының 6 қыркүйекте "Протон-М" зымыран тасығышының құлауының залал-зардаптары мен медициналық мониторинг барысында анықталған зардап шегушілердің ауру-сырқауының себептері өзара байланыста болып шыққан жағдайда Ресей жағы оларды өз есебінен медициналық орталықтар мен ауруханаларда емдеу-сауықтыруды ұйымдастырады. Бұл ереже 2008 жылдың 8 қаңтарындағы бірлескен хаттамамен бекітіліп, оған қол қойылды".

Осы орайда еске салсақ, "Протон-М" зымыран тасығышы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Жезқазғаннан 40 шақырым жерге Байқоңырдан ұшырыла сала құлады.