Қазақстан үкіметі еліміздің басты экспорттық тауарлары мұнай мен металл бағасы әлемдік деңгейде төмендейді деп болжайды

"Дамыған елдерде экономикалық өсім біршама төмендейді, немесе батыс нарығында рецессия болады деп күтіп отырмыз", -деді үкімет басшысы.

"Пекин олимпиадасынан кейін дамушы нарықтарда экономикалық өсім баяулайды. Соған байланысты Қазақстанның басты эспорттық өнімдері - мұнай мен негізгі металл түрлерінің бағасы төмендемек. Мұнай мен металл бағасы төмендегенде дң біршама құлдырайды", - деді премьер.

"Біз мемлекеттің мойнындағы міндеттемелерді тек өз күшімізге ғана сүйене отырып орындауға тиіспіз", - деді Кәрім Мәсімов.