Қазақстан үкіметі "Катрина" дауылынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына қаржы аударады

"АҚШ үкіметі мен Б.Клинтон бізге осынау жан түршігерлік зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету қорын қолдау жөнінде өтініш жасады",- деді президент. "Қазақстан үкіметі бұл қоға қаржы аудару арқылы тікелей көмек көрсетеді",- деді ол.
Н.Назарбаев сонымен бірге "Қазақстандықтар атынан қаза тапқан американдықтардың отбасына көңіл айтты".
6-қыркүйекте АҚШ-тың бұрынғы президенттері үлкен Джордж Буш пен Билл Клинтон "Катрина" дауылынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорын құрғанын мәлімдеген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті