Қазақстан үкіметі Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылдады (толықтырылған нұсқа)

"Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылданды. Үкіметтің қажетті шешімін бір айда дайындап, алға қойлған барлық мақсаттарды шешуді тапсырамын", -деді Кәрім Мәсімов. "Сол себепті өз орынбасарым Шүкеевке осы жұмыстарды басқаруды тапсырамын. Оны біз биыл бастауымыз керек", - деді ол.

"Қазақстанның оңтүстігіндегі суға қатысты мәселе экономикалық және әлеуметтік маңызымен қатар ұлттық қауіпсіздігімізге де қатысы бар мәселе болмақ",- деді ол.

"Әрине, бұл шешімнің әлсіз жақтары да, қуатты тұстары да бар, біз осы қадамға саналы түрде, бәрін түсіне отырып барып отырмыз, өзіміз үшін аса маңызды мәселені шештік",- деді премьер.

"Бұл тақырыпты біз осымен жаптық, оған енді қайта айналмаймыз, ендігі жерде техникалық мәселелерді шешуіміз қажет",- деді ол.