"Мемлекеттік басқару схемасы келесідей болады: премьер-министр - премьер-министрдің орынбасары - премьер-министр мен оның орынбасарының іс-қызметін қамтамасыз ететін қызмет - премьер-министр орынбасарының кеңесшілері тобы мен премьер-министр кеңесшілерінің тобы. Сосын: министр - облыс, Астана және Алматы әкімі - аудан әкімі - ауыл, поселке әкімі. Ауыл әкімінен басқаларының барлығында корпоративтік басқару болады",- деп хабарлады вице-премьер - экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Мусин сенат депутаттарына әкімшілік реформалардың концепциясымен таныстыра отырып.
Сонымен қатар, Аслан Мусин, қазіргі уақытта премьер-министрдің қызметін қамтамасыз ету қызметінің функциясын үкімет басшысының кеңсесі атқарып отырғандығын, бұл мекеменің іс жүзінде "қазіргі кезеңде, сыпайы түрде айтқанда, ескі әдістерді қолдануға байланысты жұмысты керісінше тежеуші орган болып табылатынын" атап өтті.
Вице-премьер, министрліктер мен әкімшіліктердің жаңа мәртебесі "саяси және әкімшілік функциялардың өкілеттілігіне шек қоюға, корпоративтік басқару принциптерін енгізуге, басшыға саясатты бағдарлау мәселелеріне назар шоғырландыруға мүмкіндік беруге, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларын әзірлеу мен қабылдау мәселелеріне назар аударыға мүмкіндік беруге, басшыны бағдарламалық құжаттардың жүзеге асыуына байланысты ағымдағы жұмыстардан босатуға " негізделеді.
"Жаңа министрліктің схемасы қолданыстағы схемадан түбегейлі өзгеше",- деп атап өтті вице-премьер. Оның сөздеріне сүйенсек, ол келесідей: министр - директорлар кеңесі - ішкі бақылау қызметі - кеңесшілер тобы - министр қызметін қамтамасыз ету қызметі - бас директор. Министрдің орынбасары болмайды. Ведомство басшысы құрамына президент әкімшілігінің өкілі, министрліктің бас директоры, ішкі бақылау қызметінің басшысы мен тәуелсіз директорлар кіретін директорлар кеңесін басқарады. Директорлар кеңесі "министрдің, бас директордың және оның орынбасарларының еңбек ақысының қорын бекітіп, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік органды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органның жыл сайынғы жоспарын, мемлекеттік органның штат саны мен құрылымын, қаржыландыру жоспарын, қаржылық есеп беруін үйлестіреді".
Бас директорды ел президенті тағайындайды. Оның өкілеттілігене мемлекеттік органды дамыту бағдарламасы мен мемлекеттік органның жыл сайынғы жоспарын әзірлеу, министрдің қабылдаған бағдарламалық құжаттары мен шешімдерін орындау жатады. Бас директор осы құжаттардың жүзеге асырылуына жеке жауап береді. Сондай-ақ, бас директор "министрліктің еңбек ақы қорының аясында мемлекеттік органның штат саны мен құрылымын анықтайды".
Осыған ұқсас схема әкімшілік құрылымы үшін де ұсынылып отыр, бірақ әкімшілікте бас директор облыс әкімімен тағайындалады. Аудандық әкімшіліктің, сондай-ақ облыстық маңыздағы қалалардың әкімшілігіндегі директорлары кеңесіне президент әкімшілігінің емес, облыстық әкімшілік өкілдері кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті