Қазақстан үкіметі мен "Альянс банк" мемлекеттің банкті қосымша капиталдандыруы туралы уағдаластыққа қол жеткізді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл шаралар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" АҚ атынан банктің акционерлік капиталының 25%-ынан аспайтын мөлшерде жай акцияларды шығару және сонымен қатар артықшылықты акцияларды қосымша шығару арқылы мемлекеттің банкті капиталдандыруын көздейді.

Банк капиталына "Самұрық-Қазынаның" қатысуы үкіметтің, Ұлттық банк пен Қаржылық қадағалау агенттігінің Қазақстанның банк секторын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы ағымдағы жылдың 28 қазанындағы өтінішінде көрсетілген шарттар сақтала отырып, жүзеге асырылатын болады.