Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның минералды ресурстарды өндіру саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі бастамаға бірігетінін 2005-жылғы 16-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеген болатын.
Бастаманы жүзеге асыруда Қазақстан Әзербайжанның тәжірибесін пайдаланбақшы. Онда мемлекеттік комиссия мен компаниялар арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстанда аталмыш құжатқа қол қоятын тау-кен саласындағы 13, мұнай және газ өндіруші 48 компания айқындалды.
Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастаманы Ұлыбритания үкімет басшысы Тони Блэр 2002-жылдың қыркүйек айында Йоханнесбург қаласында өткен тұрақты даму жөніндегі саммитте жария еткен.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті