Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Бұл туралы Президент жарлығында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.


2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президент Жарлығында.