"Біз өз еліміздің аумағында қазақстандық жұмысшылардың құқығын аяқ асты етуге жол беруге тиіс емеспіз",- деп мәлімдеді үкімет басшысы депутаттардың сауалына жауап беру барысында.
"Еліміздің батыс өңірлерінде қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік проблемасы күрделіліктерге алып келді. Біз бұл ахуалды былтыр да талқыладық, биыл да қарастырып отырмыз. Проблема әрине, бар және оны біз шешетін боламыз. Бұл мәселе біздің бақылауымызда",- деді ол.
Үкімет басшысы бұл проблеманы шешуге қазір парламенттің қарауында жатқан Еңбек кодексін қабылдау септігін тигізеді деп пайымдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті