"Жеке тұлғалардың бағасы 30 млн теңгеден асатын қымбат жылжымайтын мүлкіне салынатын салық ставкасын және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлкінің салық ставкасын 1 - ден 2% дейін ұлғайту қажет деп санаймыз", - деді Кәрім Мәсімов.
"Осындай уақыт келді деп білеміз. Бұл әлемдік жалпылама тәжірибе, бұл - әділетті деп санаймын. Егер бай екенсің, төлемін жасауға қабілетің бар екен - онда тиісті салықты төлеуің қажет", - деді Кәрім Мәсімов.