Қазақстан үкіметі республиканың құрылыс нарығындағы ахуалға әліміз келеді деп сендіреді

"Ахуалға мемлекеттің әлі келеді, бұл нарыққа үкіметтің араласуы арқылы жеке тлғалардың зардап шегуіне жол бермейміз. Осындай жағдайда қандай әрекет жасау керек екендігі жөнінде түсінігіміз бар", - деді премьер-министр.

Сонымен бірге үкімет басшысы "барлық құрылыс компанияларына бірдей көмектесе беру - асыра сілтеушілік болады", деп атап көрсетті. Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, үкіметтің қолдауынан үмітті құрылыс компаниялары ҚР Индустрия және сауда министрлігімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға тиіс.

"Біз осындай компаниялардың іс-қызметін бақылау тетіктерін анықтауымыз қажет", - деді үкімет басшысы. "Халықтың депозиттерімен жұмыс істейтін банктердің іс-қызметін реттеген секілді, заңға үлес иелерінің қаржысымен жұмыс істейтін компанияларды реттеуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу жөніндегі жоба дайындауды тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов .


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті