Қазақстан үкіметі швейцариялық инвесторларды "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шақырады

"Мүмкіндікті пайдаланып, швейцариялық инвесторларды "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуға шақырамын", - деді Г. Пірманов. Оның айтуынша, "бағдарлама ашық сипатта, оған Қазақстандық резиденттермен бірге шетелдік компаниялар да атсалыса алады". "қатысушыларға қойылатын басты талап - Қазақстанда "пайда орталығын" құру", - деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында "инвесторлар үшін қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, мәселен, жобаны қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы, ұзақ мерзімді несиелер, мемлекеттің кепілдігі мен кепілгерлігін беру қарастырылған".

"Қазақстанда "корпоративтік чемпиондар" институтын құру қажеттігінің басты факторы экономиканың құрылымын өзгерте алатын серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптестігін нығайту болып табылады", - деді Г. Пірманов.