Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда жаңа Кеден кодексінің жобасын жасауға кіріседі - Кәрім Мәсімов

"Озық тәжірибені пайдалана отырып біз салық салудың прогрессивті механизмін енгізуге және салық әкімшілігін біршама жеңілдетуге негізделген жаңа модельдің негізін қаладық. Біз кедендік әкімшілікке қатысты да осындай жұмыстарды жүргізбекшіміз", - деді Кәрім Мәсімов.

Қазірдің өзінде рұқсат құжаттарының саны азайтылып, тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы өту процедуралары оңайлатылды.

2009 жылдан бастап интеграцияланған кедендік бақылауға көшу де тың шешімге саналып, Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық сауда компаниялары үшін әкімшілік кедергілерді нақты азайтуды қамтамасыз етеді.