Қазақстан үкіметі ТШО мен қазір күшіндегі Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім-шарттарынан басқа барлық жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарының салық режимінің тұрақтылығы жөніндегі ережені алып тастауды ұсынады

"Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды реформалау ТШО компаниясымен арадағы келісім-шарт пен қазір күшіндегі Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім-шарттарынан басқа барлық жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқан келісім-шарттарындағы салық режимінің тұрақтылығы жөніндегі ережені алып тастауды қарастырады", -делінген құжатта.

Сонымен бірге, үкімет роялтиді пайдалы қазба өндіруге салынатын салықпен ауыстыруды, ренттік салықты экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатынан алынатын экспорттық кедендік баж салығымен алмастыруды ұсынуда. "Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатынан алынатын экспорттық кедендік баж салығы Қазақстан үкіметінің 2008 жылдың 17 мамырындағы қаулысымен бұдан бұрын енгізілген", - делінген құжатта.

Бұған қоса үкімет 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі Өзара өнім бөлісу туралы келісім-шарттарынан басқа жер қойнауын пайдалануға өзара өнім бөлісу туралы шарт жасасуды доғаруды және Өзара өнім бөлісу туралы шарт туралы заңды алып тастауды жоспарлауда.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер қойнауын пайдаланушылар мынадай арнаулы салықтар мен төлемдер төлейді: бонустар, пайдалы қазба өндіруге салынатын салық, үстеме пайдадан алынатын салық, мемлекеттің келісім-шарттағы аумақты жайластыру мен геологиялық зерттеуге жұмсаған тарихи шығындарын өтеу төлемдері, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қол қойылған Өзара өнім бөлісу туралы келісім-шарттары бойынша Қазақстан Республикасының үлесі, шикі мұнай мен газ конденсатынан алынатын экспорттық кедендік баж салығы.