Д.Ахметов үкімет қазақстандық жастарды арзан тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға талпынып отырғанын еске салды. Бірақ үкімет басшысы бағдарлама дәл қашан бекітілетіні және қай кезеңнен бастап жүзеге асырылатыны туралы нақты мәлімет берген жоқ. Дегенмен , оның айтуынша, бағдарлама қабылдану нәтижесінде ипотекалық несиеге тұрғын үй алған жағдайда бастапқы жарна мөлшері қазіргідей 50-70 процент емес, әлдеқайда төмен болмақ.