Қазақстан үкіметі ВИЧ індетін жұқтырған балаларды емдеуге кеткен шығынды өтеп беруге тиіс - БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы

"Қазақстан - Шымкенттегі секілді оқиға болған әлемдегі жалғыз ел емес",- деді Я.Доэк. "Бұл оқиға қанның сапасын мұқият тексеруге түрткі болды, барлық қан ауыстыру орындары тексерілуде. Үкімет індет жұқтырған балаларды емдеуге кеткен шығынды толық өтеп беруге тиіс",- деді ол тексеру қорытындысын жария ету барысында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасының айтуынша, Қазақстанның балалар құқығы жөніндегі конвенцияға бағынуына қатысты бірінші ресми баяндаманы үкімет 2003-жылы таныстырған.

Комитет төрағасының пікірінше, Қазақстанда балалар құқығын қорғау саласында "бірқатар проблемалар бар және оны республика үкіметі біледі. Бұл - арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленетін балалар, мүгедек балалар, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, босқын балалар мәселесі".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті