Қазақстан үкіметінде экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтпек

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов сәрсенбіде экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлады Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбібұллаев.


           Оның айтуынша, 27-28 тамыз күндері Астанада Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен РФ аймақтық даму министрлігінің өкілдері екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның аймақаралық және шекарааралық ықпалдастық жөніндегі қосалқы комиссиясының 13-ші отырысын өткізеді.