Қазақстан үкіметінде салық салу мәселелері бойынша консультативтік кеңес құрылады

Кодекс жобасында жаңа әрі тұрақты жұмыс істейтін консультациялық- кеңес органы - салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес құру көзделген.

Кеңеске кәсіпкерлердің бірлестіктері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен 15-тен кем емес адам мүше болмақ. Консультациялық кеңесті үкімет басшысы басқарады.

"Кеңестің жоғары мәртебесі салық бойынша міндеттемелерді орындау барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды, нақты емес және айқын емес дүниелерді шұғыл шешіп отыруға және салық төлеуден жалтаруға жол ашатын схемалардың алдын алуға мүмкіндік береді ", - деді министр.