Қазақстан үкіметінің өкілдері Шардара су қоймасындағы ахуалды талқылау үшін Бішкекке келді

7-ақпанда өткен алғашқы келіссөздер барысында В.Школьник Қырғызстан өкілдеріне Шардара су қоймасындағы ахуал туралы таныстырды. Ол Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасынан келетін су көлемінің артуына байланысты Шардара су қоймасына таяу жатқан өлкелерді топан су басу қаупі төнгенін атап өтті.

Егерде келетін су көлемі қысқармайтын болса, алдағы 6 күнде Шардарадағы су көлемі 5 млрд. текше метрлік шарықтау шегіне жетеді, деді В.Школьник.
Өзара келісімге сәйкес, су көлемі секундына 600 текше метрден аспауы тиіс екеніне қарамастан, Қырғызстандық энергетиктер Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемін секундына 740 текше метрді құрағанын мойындады. Олар республикада күн райы шұғыл суытуға байланысты тұтынылатын электр қуатының мөлшері 30 процентке артқандықтан осындай шараға баруға мәжбүр болдық деп отыр.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі мемлекеттегі су-энергетикалық проблемаларды шешу үшін сарапшы топтар құрылды. Олардың арасындағы келіссөздер бүгін күні бойы созылады. Қазақстандық өкілдер Қырғызстан вице-премьері Кубанычбек Жұмалиевпен және үкімет басшысы Николай Танаевпен кездеспекші. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ахуалды реттеу туралы келісімге қол қояды.