"Қазақстан Украинада зорлық-зомбылықтың артып отырғандығына, оның ішінде Одесса, Славянск және Краматорскідегі оқиғалаларға алаңдап отыр. Бұл оқиғалардың салдарынан бірталай адамның қаза болғандығына өкініш білдіреміз", делінген қазақстандық сыртқы саяси ведомствоның мәлімдемесінде.
Астана қарсыластыққа қатысып отырған барлық жақтарды зорлықтан және сес көрсетуден бас тартуға шақырып отыр.
Қазақстан бүкіл мүдделі жақтарды Женевада 17-сәуірде қол жеткізілген келісімдерді сақтауға үндеу салуда. "Украинадағы соңғы оқиғалар ол елде бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік орнатуға елеулі дабыл болуға тиіс", делінген мәлімдемеде.