Қазақстан Украинадағы президент сайлауына бақылаушылар жібереді

«АҚДИБ/ЕҚЫҰ миссиясы құрамында үш қысқамерзімді бақылаушы барады. ЕҚЫҰ парламентаралық ассамблеясы құрамында парламенттің төрт депутаты мен тағы екеуі екіжақты келісім бойынша шет мемлекеттерден аккредитацияланғандар», деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан бақылаушылары Украинаға бүгін аттанады. Кесте бойынша, бақылаушылар Украинада сайлауға дейін екі күн және сайлаудан кейін екі күн болады.