Қазақстан Украинаға көмір береді - Мемлекет басшысы

Украина Президенті Петр Порошенкомен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Украина тарабын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамыз. Олардың қатысу мәселесін келістік. Басқа мәселелер жөнінен, қазір Украинада көмір тапшылығы бар. Қазақстан бұл жағынан көмектесе алады, көп көмір беретін болады», - деді Елбасы.

Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы екі елдің ауыл шаруашылығы техникасы, машина жасау, өңдеу өнеркәсіп, авиация салаларындағы қарым-қатынасты ұлғайтуға пейілді екенін атап өтті.


«Қазақстанда бүгінгі күні тұрып жатқан үлкен 300 мыңдық  украина дисапорасы бар. Бұл еліміздің арасындағы мәдени өмірімізге, жан-жақты сабақтастыққа ықпалдастығын тигізеді деп сенеміз», - деді Н.Назарбаев.