Қазақстан Украинаның Кеден одағына кіргенін қалайды - СІМ

«Украинаға келер болсақ, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік қағидасы өте қарапайым: біз мүшелік пен үшінші қатысушылармен байланыстың өзге түрлері үшін ашықпыз. Егер Украина ұйымның барлық қағидалары мен келісімдеріне қосылғысы келсе, есік ашық», - деп Е.Ыдырысов «Интерфакc-Қазақстан» агенттігімен болған сұхбатында мәлімдеді.

Әзірге Украина Кеден одағына мүше болуға өтініш бермеді, Алайда, ол ТМД шеіберінде еркін сауда аймағы туралы келісімшартқа қызығушылық танытуда, дейді министр.