"Министрлік тарапынан бидай экспорттау арналарын кеңейту мүмкіндігі жөніндегі шаралар қолға алынуда. Осы мақсаттар үшін Бакуде бидай терминалы салынса, енді Грузия мен Иран порттарында осындай терминалдардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Украинаның Қара теңізде орналасқан бңр бидай терминалынан үлес сатып алу жоспарлануда ", -деді Б. Оспанов.
"Сонымен қатар Қазақстан шекарасынан Түрікменстан мен Иран арқылы Үнді мұхиты порттарына апаратын теміржол табанын бірлесе отырып салу мәселелері талқылануда ", - деп қосты ол.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 12 сәуірде Ақмола облысының аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу барысында ҚР ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев мемлекет басшысы алдымызға Қазақстанның бидай экспорттаушы елдердің бестігіне кіру тапсырмасын қойды деп мәлімдеген. Бұл үшін жылына кемінде 12 млн тонна бидай экспортталуы керек. Оның мәліметінше қазіргі уақытта Қазақстан астығының Ресей мен Украина арқылы алыс шетелге және Өзбекстан мен Тәжікстанға шығатын экспорт жолдары арқылы жылына 9-10 млн тонна бидайы экспортталады. "Экспортты ұлғайту үшін біз Каспий мен Қара теңіздерге шыға алуымыз қажет. Біз онда астық терминалдарын салу үстіндеміз. Сол арқылы Еуропа, Солтүстік Африка, Азия және араб елдеріне қысқа жолмен шыға аламыз", - деп түсіндірді ауыл шаруашылығы министрі.