"Батыс пен Шығыстың ортасындағы стратегиялық орналасуының арқасында Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде аса маңызды роль атқара алады", - деді К.Воллебек. Оның айтуынша, "ЕҚЫҰ кеңістігінде бүгінде ұлттық құрамның әртүрлілігіне, жаһандануға, сондай-ақ, түрлі діндер арасындағы қарым-қатынасқа қатысты қатерлер байқалып отыр".
Оның айтуынша, "Қазақстан үкіметі қазір осы мәселелермен айналысуда, сондай-ақ, бұл жұмыстар ел ұйымға төрағалық еткен кезде де жалғасын табады. Мен осы мәселелер бойынша олармен алдағы уақытта да жұмыс істейтіндігіме сенемін", -деді ЕҚЫҰ бас комиссары.
К.Воллебек мен М.Тәжиннің келіссөздері ЕҚЫҰ Парламенттік ассамбелясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы аясында Астанада өтті.