Қазақстан Ұлттық банкі 2017 жылы Астанаға көшеді


Бұл норма «Астана» халықаралық қаржылық орталығы жөніндегі және Ұлттық банкті Астана қаласына көшіру туралы» президенттің 2015 жылғы 19-мамыр күнгі жарлығында көзделген, деп хабарлауда zakon.kz сайты.
Онда атап өтілгендей, Астана аумағында халықаралық қаржылық орталық құру көзделген. Осы орайда үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп 2015 жылдың 1-қыркүйегіне дейін парламент қарауына орталықтың құрылуы мен қызметін қамтамасыз ететін заң жобасын ұсыну тапсырылған, оның ішінде орталыққа қатысушылар арасында қатынастарды жетекші әлемдік қаржылық орталықтардың стандарттары негізінде реттеу көзделген.
Қазақстанда елбасы қол қойған құжаттар ресми баспасөзде жария етіледі. Бұл құжат әзірге ресми БАҚ-да жария етілмеген.