бірақ әзірге өзінің жүйесін құру туралы шешім қабылдаған жоқ.
"Біз қазір төлем жүйелері рыногындағы жағдайға зейін салып отырмыз. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте ұзақ уақыт бойы Visa мен MasterCard басым болды, біз осы жүйелердің әріптестеріміз. Екі-үш жыл бұрын Қазақстанда ішкі жүйе құру туралы әр түрлі мәселелер көтерілген болатын, экономикалық қауіпсіздік мәселесі де бар", деді Ұлттық банк жетекшісі Қайрат Келімбетов Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
"Экономикалық санкциялар барысында бірнеше ресейлік банктің Visa мен MasterCard ажыратылғандығын бақыладық. Ресейде қабылданған шешімге орай, Сбербанк, РФ Орталық банкі дайындаған жүйе базасында өз жүйелері құрылуы ықтимал. Біз дәл қазір ешқандай шешім қабылдамаймыз, тек бақылап көреміз, бұл бағыттағы ғаламдық шешімдер қалай дамиды, соған орай сәйкесті қорытынды шығарамыз", деді ол.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, Ұлттық банк қытайлық UniPay төлем жүйесінің дамуын да қарастырып отыр. Қазір UniPay ресейлік рынокта белсенді қызмет етуде. Бірақ Ресей де, Қытай да өз төлем жүйелерін құра алатын үлкен рыноктар, деді ол.