Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің долларға қатысты ауытқу дәлізін кеңейтуі ықтимал


"Біз қазір дәлізді плюс/минус 3 теңгеге дейін кеңейту туралы шешімді талқылап отырмыз. Бір жағынан плюс 3 қалады, екінші жағын минус 15 дейін кеңейтетін боламыз. Жағдайға орай ол 180, 181, 179 теңге болуы ықтимал", деді Ұлттық банктің жетекшісі Қайрат Келімбетов Алматыда журналистердің сауалдарына жауап берген кезінде.