Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті бес спорт нысанын аккредитациялады

Бұл туралы Olympic.kz. хабарлады.

Алматыда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков тиісті сертификаттарды ҚР Қорғаныс министрілігінің ЦСКА тау шаңғысы базасына, «Темір Дос» спорттық ойын-сауық кешеніне, Балуан Шолақ атындағы спорт cарайына, Limit жабық скейтбағына және астаналық «Алау» ату тиріне табыстады.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2018 жылдан бері спорттық базаларды аккредитациядан өткізіп келеді. Мұндағы басты мақсат – ұлттық құрама командалардың сапалы дайындық өткізуіне мүмкіндік жасау.

«2018 жылы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті өз қызметінің форматын өзгерту барысында бірінші болып осы бастаманы қолға алды. Олимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың сапалы жаттығуына жағдай жасау үшін спорттық базалар аккредитациядан өте бастады. Дайындық барысында спортшылардың ештеңеге алаңдамағаны дұрыс. Оларға алаңсыз жаттығу үшін бар жағдай жасалуы керек. Біздің осыған көзіміз жетті. Спортшылар жаттығатын базалар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің стандарттарына сай келуі тиіс. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат етілген барлық спорттық базалар санитарлық-дезинфекциялық нормаларды сақтау жөніндегі республикалық талаптан бөлек, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің арнайы ішкі регламентін де жалтармайды. Өйткені, атлеттердің қауіпсіздігі біздің басты міндетіміз», - дейді Андрей Крюков.

Айта кетелік, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің аккредитациясы үш жылға жарамды. Кейін спорт нысандары бұл процедураны тағы да қайталайды.


Бүгінге дейін 53 база аккредитациядан өтті. Оның ішінде 41 база КВИ індеті кезінде жаттығу жиынын өткізу үшін Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Жедел штабынан рұқсат алған. Аталған спорт нысандары Қазақстан Республикасы мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысымен бекітілген барлық талаптарды, сондай-ақ, оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде вирусты жұқтыру қаупін төмендету үшін Ұлттық Олимпиадалық комитет дайындаған регламентті сақтауға міндетті. Бұл процес еліміздегі Ұлттық Олимпиадалық комитетіндегі шұғыл әрекет ету штабының ұдайы бақылауында.