"Біз мұнайгаз саласына арнап машина жасауды дамыту және мұнайгаз саласындағы жобалардың ұлттық сипатын арттыру жолдарын талқыладық",- деді С.Мыңбаев.
"Сонымен бірге біз Каспий теңізімен кеме жүруге негіз болатын құқықтық базасының регистрі тәртібін қарадық. Өйткені қазір тасымал қарқыны арта түсті",- деді ол.
Сонымен бірге С.Мыңбаевтың хабарлауынша, "отырыста"British Airways" компаниясының Алматыға ұшырылатын рейстер санын арттыру және Атырауға рейс ашу мүмкіндіктері жөніндегі ұсынысы қаралды".
Сонымен бірге жиын барысында Ұлыбритания университеттерінде оқитын студенттер квотасын арттыру, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелері, салық салу және инновациялықжаңалықтар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.