Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заңды парламент 21-маусымда қабылдаған.
Бұл келісім екі ел арасында халықаралық автокөлік қатынасымен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, сондай-ақ, осындай тасымалдарды бір жақтың аумағында тіркелген көлік құралымен жүзеге асыруға рұқсат берілген тасымалдаушылармен үшінші елдерге жасауды реттейді.
Келісімнің ережелерін пайдалану отандық тасымалдаушылардың халықаралық транспорттық қызметтер нарығындағы бәсекелестік қабілетін көтеруге қолайлы жағдай жасайды. Соның арқасында олардың аталған бағытта жүк тасымалдау үлесін үш еседен артық өсіру межеленген.
Келісімге 2006-жылдың 26-қарашасында Лондонда қол қойылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті