Қазақстан мамандар даярлау саласында Ұлыбританиямен ынтымақтастығын кеңейтуді жоспарлауда, деп премьер-министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
«Біз инженерлік кадрлар даярлау, мұнайгаз және кен өндіру, өңдеу және энергетика және т.б. салаларда мамандар даярлау бойынша бірлескен орталықтар құру бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді қалаймыз», - деп Ә.Исекешев бүгін Астанада Қазақ-британ сауда-өнеркәсіптік кеңестің 17-ші отырысы барысында атап көрсетті.
Оның мәліметі бойынша, Қазақстанда британдық капиталдың қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істейді, алғашқы жарты жыл ішінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда айналымы 23%-ға ұлғайған.
«Біз ынтымақтастық, сауда және инвестициялық ынтымақтастық саласын кеңейту үшін жақсы келешек барын көріп отырмыз», дейді Ә.Исекешев.
Ұлыбритания премьер-министрі Чарльз Хендри атап өткендей, Ұлыбритания мұнай мен газ, инвестициямен қатар өзара іс-қимылды тереңдетпек.
«Біз Қазақстанның талантты жастары британдық компаниялар арқылы қажетті халықаралық тәжірибе алғанын қалаймыз. «Болашақ» бағдарламасы бар, бұл бағдарлама стипендиаттары да британдық компанияларда қысқамерзімдік тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибе жинақтайды деген үміттемін», - дейді ол.
Қазіргі кезде Қазақстан компанияларына бизнес-визалар беру бойынша сынақ жоба жүзеге асырылуда.
Қазан айынан бастап Эйр Астана арқылы Астана мен Лондон арасында тікелей әуе қатынасы ашылады.