Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің директоры қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды

деп хабарлады дүйсенбіде ҰҚК баспасөз қызметінен.

Дүйсенбіде таралған хабарламаға қарағанда, ҰҚК ішкі қауіпсіздік қызметі бөлімшесі ҰҚК Шекара қызметінің лауазымды тұлғаларының қызмет бабын асыра пайдалану фактілерін тексерген.

Іс бойынша қажетті тергеу-шұғыл шаралары жүргізілуде. Қадағалауды республика бас әскери прокуратурасы жүзеге асырып отыр, делінген ақпаратта.