Сонымен уран өндіру көшін бастап отырған алғашқы үштікке Қазақ елі де енді: Канада (әлемдік өндірістің 29,2%); Австралия (22,6%); Қазақстан (9,4%).
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК 2004-жылы 3363 тонна уран шығарды. "Қазақатомөнеркәсібі"ҰАК табиғи уран өндірудің жылдық көрсеткішін 2010 жылға дейін 15000 тоннаға жеткізіп, сол арқылы Қазақстанды әлемдегі уран өндіруші елдердің көшбасшысына айналдыруды өз алдына бағдарлама етіп белгілеген.
"Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы - уран және сол тектес материалдарды экспортқа шығарушы ұлттық оператор саналады. Компанияның 100 пайыздық акциясы түгелдей мемлекет меншігінде, яғни Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі иелік етеді. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК геологиялық барлау, уран өндіру, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми негізде жарақтау және мамандар даярлау, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету сияқты алты бірдей негізгі бағыттағы жұмысқа басшылық жасайтын холдинг түрінде құрылған. 2005 жылдың басында компания жұмысшыларының саны 19 мыңнан асты.