Қазақстан үш жылда өз аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін 33%-ға көбейтуді жоспарлап отыр - Көлік және коммуникация министрлігі

"Үш жылда ел аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін 33%-ға, ал транзиттік тасымалдар кірісін 30%-ға көбейтуді жоспарлап отырмыз",- деді ол.

"Стратегиялық бағыттағы мақсаттардың бірі Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін ұлғайтуға саяды. Ол үшін республиканың транспорттық кешенін халықаралық транспорттық желіге интеграциялау деңгейін көтеру қажет", - деді С. Рахымбекова.