"Ең маңызды жетістік - АҚШ және ЕО мемлекеттерімен арадағы жаңа серіктестік мәміле, бұл біздің халықаралық ұстанымымызға қосымша тұрақтылық береді",-деді министр.
Қазақстан бір жыл ішінде "Ресей Федерациясымен одақтастық қарым қатынасты күшейтіп, ҚХР-мен стратегиялық ынтымақтастықты дамытты", - деді ол. Министрдің айтуынша, "біз Батыстан келген серпінді пракматикалық тұрғыда жүзеге асырып, Орталық Азиядағы басты серіктестік мәртебесін Қазақстанға бекіттік".
"Тепе-теңдік сақталған сыртқы саяси бағыт-бағдар іс жүзінде өзінің өміршеңдігін және біздің ұлттық қарым қатынасымызды қамтамасыз етудегі нәтижесін көрсетті. Біз таяу көрші елдермен де және мүдделі мемлекеттермен де прагматикалық, конструктивті және өзара тиімді қарым-қатынас орната алдық",-деп атап өтті министр. "Қазақстанның хас дұшпаны жоқ, ұлттық мүддені қорғай отырып, біз шиеленіске жол бермедік",-деді сыртқы істер министрі.
"Бүгінде Қазақстан аймақтағы ауыр геосаяси жағдайда, тұрақтылық пен қауіпсіздікті төнген қатерлер ушыға түскен , әлемдік орталықтардың аймақтық проблематикаға ықпал етуге деген құштарлығы артып отырған тұста, өзін табысты дамып келе жатқан үлгілі ел ретінде көрсете алады",-деді М.Тәжин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті