Қазақстан үшін 2008 жылдың бірінші жартысында Өзбекстан газының бағасы күрт өзгертілмейді - Мыңбаев

"Менің пікірімше, алдағы жылдың бірінші жартысында баға жағынан күрт өзгерістер (Қазақстанға жіберілетін Өзбекстан газының құны) болмайды", - деді С. Мыңбаев.

"Тиісті келісімдерге қол жеткізілгендіктен, электр қуатына байланысты уағдаласқан тарифтер сол деңгейде қалады", - деп атап өтті ол.

Министрдің айтуынша, осы кезге дейін табиғи газ мәселесі бойынша "тәуекел жоғары болатын. Өйткені өзбекстан жағы 1000 текше метр көгілдір отынның құнын $185 деңгейінде белгілемек болған". "Ал жуырда ғана принциптік келісімге қол жеткізіліп, енді оның қорытынды мәтіні Ташкентте қаралып жатыр " деп айтты С. Мыңбаев.