Қазақстан үшін ойнайтын ресейлік теннисші турнирде жеңілгенімен қоймай, қазақ тілін мазақ қылды

Бірақ ол бұған түк те өкініп отырған жоқ. Тіпті Твиттердегі парақшасында көңілді жазба қалдырған, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Бұл – әзірге менің ең керемет күнім. Қолдау білдіргендерге рахмет. Келесі жылы кездескенше» депті Бублик.

Ол мұнысымен де қоймай, «Еуроспорт» телеарнасында қазақ тілін мазақ қылды. Яғни ол өзі намысын қорғап жүрген елдің мемлекеттік тілін қаншалықты білетініне қатысты сұрақтарға қылжақпен жауап беріп отырды.