Бұл туралы Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты» ЖШҚ директоры Виктор Шварц айтты.
«Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты Семей су жолдары кәсіпорнының тапсырысын орындады. 14 мамыр күні «Жартас» теплоходы суға түсірілді. Одан кейін шварттық және жүзу сынақтары өткізілді. 25 маусымда кеме Семей қаласына келіп жетті», - деді В.Шварц телефон арқылы.
Теплоход Ертіс өзенінің жағадағы және судағы жағдайына қызмет етуге, сондай-ақ ішкі су жолдарында кеме жүрісінің тереңдігін бақылау үшін арналған.
Ресейлік кәсіпорын Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынаста. 2014 жылы Атырау су жолдары кәсіпорны үшін «Жайық» теплоходын да Том облысындағы Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты жасаған.