«Бұл хабар бізге ауыр тиді. Еліміздің ең талантты, үміт күттіретін шабандозы қайтыс болды. Біз Ерланның Қазақстан ұлттық құрама майталмандары қатарына кіретінінен үмітті болдық», - дейді федерацияның техникалық директоры Александр Антышев.
Велоспорт федерациясы Е.Пернебековтың денесін Қазақстанға жеткізу ақысын төлеуге және туыстарына материалдық көмек көрсетуге уәде етті.
Бұрын хабарланғандай, 18 жастағы қазақстандық велоспортшы Эквадорда жоспарлы жиын кезіндегі жаттығуда кенеттен қатты басы ауырғанын айтқан. 14 наурызда ол ауруханаға жатқызылып, инсульт салдарынан көз жұмды.