Қазақстан вице-премьері Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккен аудандардағы нысандар құрылысының барысымен танысты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар тасқыннан зардап шеккен аудандардағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысының барысын бақылау және шегірткемен күрес барысымен танысу мақсатын көздейді.

Ө. Шүкеев пен С. Громов бірқатар елдімекендерде болып, құрылыс барысымен танысып, құрылысшылар басты назарды мектептерді тұрғызуға аударуы қажет екенін және олардың жаңа оқу жылы басталғанға дейін дайын болуы қажет екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Ө. Шүкеев пен С. Громов шегірткемен күрес жүргізіліп жатқан алаңдарда болды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі жағдаймен шегіртке 164 мың гектарға таралған. Шегірткемен күреске авиация, 7 ұшақ пен 61 техника тартылған. Жұмыстарды "Защита растений-К" ЖШС жүргізуде.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған қоса шегірткемен күреске аумақтық ауылшаруашылығы инспекциясының 45 маманы мен фитосанитарлық диагностика және болжам орталығының 54 маманы жұмылдырылған. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі жергілікті тұрғындардан 92 адамды жұмысқа тартты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шегірткемен күрес аяқталып келеді.