"Осы кезеңде үкімет ұлттық рейтинг агенттігін құруға атсалыса алады деп ойлаймын. Бірақ оған міндетті түрде халықаралық қаржылық институттарды тарту керек. Артынан жоба қарқын ала бастаған сәтте үлесті сатып жіберуге болады",- деді К.Мәсімов.
Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың қызметін реттеу жөніндегі агенттік төрағасы Еркін Арыстановтың айтуынша, бұған дейін агенттік басшылығы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінен "мемлекеттің рейтинг агенттігінің капиталына атсалысуы құптарлық емес" деген ескерту алған. "Рейтингтік агенттік мемлекетке тәуелді болмауы үшін", деді ол. Осыған байланысты Е.Арыстановтың пікірінше, агенттікті нарықтағы кәсіби қатысушылар - биржалар мен зейнетақы қорларының қатысуымен құру - шешімнің бір жолы болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті