Онда ел намысын қорғап жатқан Алматы облысының «Жетісу» командасының қыздары ирандық («GITIPASAND») құрбыларын ойсырата (25-21, 25-8, 25-13) ұтты. Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «жетісулық» волейболшылар ертең енді жартылай финалда Жапонияның «Toray Arrows» командасымен күш сынасады. Іріктеу сынында «А» тобында үздік шыққан жапон қыздар ширек финалда Мьянма чемпиондарынан («Asia World VC») 25-10, 25-4, 25-9 есебімен басым түсті.