Келіссөздер барасында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.
«Ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімнің бекітілгеніне екі жылдан астам уақыт өтсе де, өкінішке қарай біз германиялық компаниялардың бұл бағыттағы белсенділігін әлі күнге дейін байқамай отырмыз», -деді А. Рау.
Осы орайда вице-министр Қазақстан неміс компанияларымен қарым-қатынастарды белсенді дамытуға дайын екендігін, оның ішінде «VOLKSWAGEN AG» компаниясымен байланыстарды нығайтуға әзір екендігін атап өтті.
«Біз кен орындарын ұсынуға және ұзақмерзімді жеткізілімдер шарттарын қарастыруға даярмыз», -деді ол.