Қазақстан Ядролық сынақты жалпылай тыйым салу туралы келісімшарты жөніндегі конференцияның тең төрағасы болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан өз міндеттемесіне сәйкес,Жапониямен бірлесіп БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде биыл қыркүйектің соңында Нью-Йоркте өтетін ЯСЖТК күшіне енуін қолдау жөніндегі тоғызыншы конференцияның төрағасы ретінде қатысады.

Бұл туралы ҚР СІМ бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
Қазақстанның тең төраға болуы кезеңіне айтулы халықаралық оқиғаларға тұспа-тұс келеді; 2015 жылдың тамыз айында Жапонияның Хиросима, Нагасаки қалаларының атом бомбасынан зардап шеккеніне байланысты қайғылы оқиғаға 70 жыл болады, 2016 жылы Семейде Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы келісімшарттың бекітілуінің 10 жылдығы атап өтіледі, ЯСЖТК-қол қоюға ұсынудың 20 жылдығы атап өтіледі.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы таяудағы бастамаларының бірі АТОМ жобасы – ЯСЖТК күшіне енуін ауқымды қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі ғаламдық науқан болып табылады. Бүгінгі таңда әлем басшыларына жобаның онлайн-петициясын жүзден астам елден 100 мың адам қол қойды.
ЯСЖТК қол қою үшін 1996 жылы қыркүйекте ашылған болатын. Бүгінгі таңда 183 ел қол қойып, 163 ел ратификациялады.

Ядролық қаруды сынақтан өткізгендегі атмосфералық өзгерістер