Кездесу барысында тараптар келісім-құқықтық базаны кеңейту процесінің белсенділігін барынша арттыруға, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың тиімді салаларын айқындап жобасын жасауға келісті.
Даниал Ахметов Қазақстанның Грузиямен тек отын-знергетикалық және көлік-коммуникациялық кешен ғана емес, экономиканың өзге де секторында ынтымақтастығын тереңдетуге пейілді екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Даниал Ахметов ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация министрліктеріне айтылған ұсыныстар мен тілектерді нақтылау және әзірлеумен айналысатын жұмыс тобын құруды тапсырды.