Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың Канадаға сапары нәтижелері бойынша қол жеткізілді, деп хабарлады республика СІМ баспасөз қызметінен.
"ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа елдері ішінде Қазақстан Канаданың басты саудалық әріптесі болып табылады, Канада болса екі Америка мемлекеттері ішінде Қазақстанның жетекші әріптесі. Оған сауда айналымының деректері дәлел, 2012-2013 жылдары 6 млрд доллардан асты", делінген хабарламада.
Е.Ашықбаевтың Канада азаматтық және иммиграция министрі Крис Александермен келіссөздері барысында визалық режимді оңтайландыру және либерализациялау мәселелеріне басты назар аударылды. Е.Ашықбаев Канаданың сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен, сыртқы істер және консулдық қызмет мемлекеттік министрі Лин Еличпен және сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасарлары Питер Биммен және Дэн Костелломен кездесті.