Қазақстан және Польша сенатының жетекшілері парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін сарапқа салды

Л.Пастусяк елімізге 17-сәуірде келген. Сапардың алғашқы күні ол Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болып, Қазақстандағы поляк диаспорасы өкілдерімен кездесті.

19-сәуірде Польша Республикасы сенатының маршалы Астанада өетін бизнес-форумға қатысып, саяси нәубет құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен жүздеседі. 20-сәуірде Л.Пастусяк ҚР президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сөз сөйлейді. Кездесу барысында профессор Пастусяк "ХХІ ғасыр қарсаңындағы әлем - аласапыран және халықаралық тәртіп" тақырыбындағы баяндамасын ұсынады.
Польша сенатының маршалы Лонгин Пастусяк сонымен қатар НАТО Парламенті Ассамблеясының Трансатлантика қатынастары бойынша комиссиясының төрағасы, ал 2001 жылдан НАТО Парламенті Ассамблеясының әлеуметтік-демократиялық фракциясы төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.
Лонгин Пастусяк саяси ғылымдарының докторы, ол 60 жуық кітаптың және 600 астам халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы.